Брюссель полицейлері улы зат салынған цистернадан 9 мигрантты құтқарды

Брюссель қаласының шетінде полицейлер қауіпті улы зат салынған цистернаның ішінен 9 мигрантты алып шықты.

Босқындар әктасқа толы жабық цистернада тығылып, жеткенше тұншығып қала жаздаған. Еуроодақ халқының өршіп бара жатқан миграция дауына көзқарасы әр алуан, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Сөндірілмеген әктің иісін тоя жұтып алған Ауғанстан мен Иранның 9 азаматы бұл жаққа не мақсатпен жеткенін әрең түсіндірді. Десе де, Еуропа халқы жер ауып келген мигранттардың түрлі амалмен тәртіп бұзатындарына бірқалыпты, байыппен қарауға үйренген сияқты. Тағы бір өкініштісі, жүрек жұтқан саяхатшылар көздеген бағыттарына қарай емес, одан кері сапар шегіпті. Францияның Дюнкерк қаласынан шыққан автоцистерна 150 шақырым өткенде Гранд-Бигард тұрағына аялдаған. Жансыз жүгінің «дауыс бере» бастағанын естіген жүргізуші сол сәтте жол полициясын шақырған. Тәртіп сақшыларының бұйрығымен заңсыз жолаушыларын ол әрі қарай алып кетті. Бірақ Брюссельдің Андерлехт аумағында «жанды жүкті» тағы бір полиция тобы қарсы алды.

«Соңғы бірнеше айдың ішінде осындай жүк көліктерінен босқындар көп кездесетін болды, жүргізушілер олар жайлы білмейді. Барлығы – ақшасы жоқ адамдар. Өмірін бәске тігіп, бүктетіліп цистернамен жеткен жолаушылар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың кейінгі сапары қандай боларын енді прокуратура шешпек»,-дейді, федералды полиция өкіліПетер де Вайле,

Кәусар Аяпбергенқызы, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Фотосурет:www.tvc.ru

Следите за новостями zakon.kz в: