Кен алаңдары қашықтықтан басқарылады

Атырау облысында ембілік мұнайшылар өндірісті басқарудың жаңа технологиясын енгізді.

Интелектуалды кен алаңы деп аталатын бұл жоба Уаз кенішіндегі 37 мұнай ұңғысын бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Кен орындарындағы барлық жұмыстар енді қашықтықтан басқарылып, бақыланады. Мұнайшы операторлар онлайн жүйесі арқылы ұңғылардың жұмысын қалт жібермей қадағалауға мүмкіндік алды.

Бұл өз кезегінде мұнай өндірісін арттырып, ұңғылардағы жерасты жөндеу жұмыстарын 15-20 пайызға қысқартады. Сондай-ақ ақпараттық басқару орталығына түскен мәліметтерді Атырауда ғана емес, Астанадағы бас кеңсенің мамандары да бақылап, керек кезінде кеңес беретін болады.

Бұл жобаның жедел жүзеге асуына әлемдік дағдарыстың да оң ықпалы болды. Себебі қазіргі уақыт найқалуды күтпейді. Басқарудың жаңа үлгісі бізге кез келген жағдайда шұғыл шешім қабылдауға және кеніштердегі ахуалды тап басып бақылауда ұстауға көмектеседі,дейді «ҚМГ» ҰК БӨ АҚ бас директорыҚұрманғазы Есқазиев.

Осы ембімұнайгазда болып жатқан шараның бәрін біздің кен орындары мен басқа компанияларға тарататын болсақ, осы тәжірибе арқылы миллиардтаған соманы долларға шаққанда үнемдеуге қол жеткізуге болады, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Фотосурет: www.vestifinance.ru

Следите за новостями zakon.kz в: