Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батыс және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, -деп хабарлайды Zakon.kz Казгидрометтің берген мәліметіне сүйеніп.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында тәулік бойы, күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с, күндіз жел бұрқасынмен болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.
Фотосурет: www.pogodaspb.info