Қазір сәби ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қыз баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Айта кеткен жөн, 6 ақпанға қараған түні аралда 4 балдық зілзала болған еді. Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 35 адам ажал құшқан, деп хабарлайды 24 kz арнасы.
Жараланғандардың саны жарты мыңнан асады. Тағы 110 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жер сілкінісінен әсіресе Тайнань қаласы қатты зардап шегіпті. Мұнда орталық аудандарда бірнеше көпқабатты ғимарат қираған.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге көмектесуге Тайванның түрлі аудандарынан әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен еріктілер келіп жатыр», деді Тайвань қаласының мэр Уильям Лай.
Жалпы зілзала кезінде қираған 17 қабатты тұрғын үй кешені 1990 жылдардың ортасында салынған екен. Онда шамамен 250 адам тұрып жатыпты. Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратты тұрғызу кезінде сапасыз материалдар қолданылған. Сондай-ақ құрылыс ережелері де өрескел бұзылған көрінеді. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фотосурет: rusnovosti.ru