Ақтөбе қаласы маңындағы Ақжар ауылында қысқы демалыс базасы ашылды. Кәсіпкер өз қаражатына кешенді толықтай жабдықтаған, деп хабарлайды 24 kz арнасы.
Демалушылар енді шаңғы мен коньки теуіп, шанамен де сырғанай алады. Демалып, ыстық тағам ішетін дәмхана да бар. Базаға газ тартылған, ал келушілердің қауіпсіздігі үшін күзет қызметі де бар. Қазірден-ақ демалушылар санында шек жоқ. Қала тұрғындары, әсіресе, сенбі-жексенбі күндері отбасымен барады екен. Демалыс базасында 30 адам маусымдық жұмысқа алынған.
«Бізге осындай демалыс орны керек деп ойлаймын. Негізі Ақтөбе қаласында демалыс орындары өте аз. Тамақ, ыстық шай, бәліш бағасы да қолайлы»дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Әйгерім Нұрсәпенова.
Фотосурет: yk-news.kz