Германияда пойыз апатынан көз жұмғандар саны 10-ға жетті

Қаза болғандар арасында екі пойыздың машинисі мен кондукторы да бар екенін және тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Германияның оңтүстігіндегі Баварияда болған пойыз апатынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті. Зардап шеккендер 150-ден асып жығылады. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген науқастардың кейбірі ауыр халде жатқанын айтады.

Жергілікті полиция өкілдері қаза болғандар арасында екі пойыздың машинисі мен кондукторы да бар екенін және тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, бір рельстің бойына жүйткіген екі пойыз бір-біріне сағатына 100 шақырымдық жылдамдықпен келіп соқтығысқан, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Салдарынан бір пойыз шойын жолдан шығып кетіп, бірнеше вагон аударылған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, апатқа адами фактор себеп болуы мүмкін.

«Мен пойыздың бірден тежегішті басқанын, артынша соқтыққанын сездім. Сосын алға қарай құладым. Көзімді ашсам, жан-жағым айқай шу екен. Ал еденде бала жатты. Абырой болғанда, ол да, жанымдағы өзге жолаушылар да қатты жарақат алмапты, деді пойызда болған жолаушы.

Фото:obozrevatel.com
Следите за новостями zakon.kz в: