Мүлікті жария ету бойынша 76 мыңнан астам өтініш қабылданды

Мемлекеттік кіріс органдары мүлікті жария ету бойынша тұрғындардан 76 мыңнан астам өтініш қабылдаған.

Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссиялар мен мемлекеттік кіріс органдары мүлікті жария ету бойынша тұрғындардан 76 мыңнан астам өтініш қабылдаған,деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Соның негізінде жалпы құны 768 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылуда. Аталмыш қаржының 578 млрд теңгесі Қазақстан аумағындағы мүліктерге қатысты. Ал шет мемлекеттерден 1 млрд 105 млн теңгеден астам қаржы мен 41 нысан және бағалы қағаздар жария етілді.

Фото: bukvi.ru

Следите за новостями zakon.kz в: