Павлодарда дәрігерлер тәртіп сақшыларымен бірлесіп, баласын тастап кеткен ананы тапты

Әйел қазіргі таңда екі бала тәрбиелеп отыр. Бас тартудың негізгі себебінің бірі - материалдық жағдайдың тым нашарлығы.

Жас ана облыстық перинаталдық орталықта өзінің жаңа туған сәбиін тастап қашып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, босанған әйелдің мекенжайын анықтау үшін құқық қорғау органдарынан көмек сұрауға тура келген. Азаматша бұл іске өз еркімен барған. Ал, нәресте біздің мекемеде қалды, - деді № 1 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Любовь Ходырева.

Учаскелік инспектордың қөмегімен перзентханаға әкелінген әйел сәбиінен бас тартатыны жөнінде өтініш жазды. Нәресте тастанды балалар қатарына кіргізіліп, құжаттары дайын болған соң, балалар үйіне ауыстырылады. Айта кетерлігі, бұл әйел қазіргі таңда екі бала тәрбиелеп отыр. Бас тартудың негізгі себебінің бірі - материалдық жағдайдың тым нашарлығы. Жалпы 2015 жылы 22 әйел жаңа туған сәбиін асыраудан бас тартуды жоспарлаған. Олардың әрқайсысымен психологтар мен дәрігер мамандар жұмыс жасаған. Нәтижесінде бесеуі өз ойларынан қайтып, балаларын өздерінде қалдырған. Үш әйел мемлекеттің көмегіне сүйеніп, облыстық балалар үйінің «Үміт» бөліміне орналастырған. Бұл бөлімде аналар өз сәбилерімен кездесіп тұру мүмкіндігіне ие.

Фото: www.o-my-baby.ru

Следите за новостями zakon.kz в: