Ranking.kz сарапшыларының сөзінше, желтоқсан айының өзінде теңгемен сақталған депозит қоры 3,5 триллионға толған. Салымшылардың 88 пайызы - екінші деңгейлі банктердің тұтынушысы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзге валютадағы депозит өсімі екі есеге азайған. Оған қоса, 1 ақпаннан бастап теңгелік депозиттің сыйақы мөлшері 14 пайызға көтерілді. Бұған дейін ол 10 пайызбен шектеліп келген еді. Ал, шетел валютасында ақшасын ұстағандарға қатысты сыйақы мөлшері керісінше азайды. Көрсеткіш 3-тен 2 пайызға төмендеді.
Фото: probanki.kz