Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсұт Жұмаев бастаған қазақстандық альпинистердің экспедициясы Оңтүстік Америкадағы ең биік шың саналатын Аконкагуаға (6962 м) шықпақшы.Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне 2017 жылы Алматыда өтетін 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың туы тігілмек, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.
Қазақстандық альпинистр Буэнос Айреске 15 ақпанда бармақ. Альпинистер тобы теңіз деңгейінен 800 м биікте орналасқан аргентиналық Мендос курортты қаласынан 2700 м биіктіктегі Пенитентес шағын шаңғы курортты қаласына жол тартады. Келесі күні альпинистер Аконкагуа Ұлттық саябағына жетіп, экпедицияны сол жерден бастайды.
Анықтама: Аконкагуа – Оңтүстік Америкадағы Анд тауының ең биік нүктесі. Шың теңіз деңгейінен 6962 м биіктікте орналасқан. Ол бірнеше биіктіктердің рейтингінде бірінші орында: америка континетіндегі ең биік тау, Батыс жартышарындағы ең биік нүкте. Аконкагуа Тынық мұхитынан небәрі 150километр арақашықта орналасып, шыңында қатты жел соғып тұратындығымен танымал.
Фото: kaztrk.kz