Шымкентте жыл басынан бері 3500- ге жуық қаңғыбас ит пен мысық ауланған. Бұл жұмыстарды атқару үшін қала бюджетінен 38 млн теңге бөлініпті, деп хабарлайды otyrar.kz
Қаңғыбас иттерден зәбір көрген қалалықтардан арнайы бригадаға 239 өтініш түскен. Қазір қалада арнайы құралдармен жабдықталған 6 топ бар.
Ауланған жануарлар қала сыртындағы беккари шұқырында залалсыздандырылған. Сала мамандары Шымкентте құтыру ауруынан қауіп жоқ деп сендіреді. Дегенмен көше кезген ит-мысықтардан сақтанған жөн.
Фото: frant.me