Алматының тарихи жерлері жаңа кейіпке енеді

Алматының тарихи жерлері жаңа кейіпке енеді. Айталық, Абылай хан даңғылының келбеті келешекте өзгертілмекші.

Алматының тарихи жерлері жаңа кейіпке енеді. Айталық, Абылай хан даңғылының келбеті келешекте өзгертілмекші. Сонымен қатар, Байсейітова көшесінде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Билік мұнымен шектелмек емес. Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері және Астана алаңында көгалдандыру шарасын жүргізу жоспарда тұр. Аталған жерлерде жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп, шағын архитектуралық нысандар қойылмақ, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Көгалдандыру және қалыпқа келтіру жұмыстары 3 кезеңнен тұрады. Бірінші қаламыздың тарихи орнына бастау алып, кезекпен дамып келе жатқан аумақтар және үшінші Алматыға жаңадан қосылған жерлерде жүргізіледі",- деді Алматы қ. Көріктендіру бөлімінің бас маманы Айнұр Сарбаева.

Сонымен қатар, қазір Фэмили парк, Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Атакент, Сейфуллин атындағы саябақтармен бірге зообақты дамыту және көріктендіру жұмыстары бойынша жаңа жоба дайындалып жатыр. Ал, Тұңғыш Президент атындағы саябақты көркейту жобасы аяқталуға жақын. Бұл шаруаларға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қаражат инвесторлардан тартылады деп күтілуде.

Фото: 7news.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: