Қазақ жауынгерлері ат үсті ұрысқа дайындала бастады

Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар.

ҚР Құрлық әскерлері 91678 әскери бөлімі ат үсті ұрыс дайындығына кірісіп кетті деп хабардайды Baq.kz, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық аймақта әрекет ететін рота жыл сайынғы ат үсті әскери дайындығын бастады. Жаттығу сабақтарын арнаулы нұсқаушылар өткізеді. Әсери қосынның атқа мінуі олардың таулы, күдір өңірге орналасуына сай қолға алынған шара. Олар әскери техника бара алмайтын жерлерде саптастарына жедел көмек көрсетіп, ұрыс жағдайында жүрген қосынға лайықты көмек көрсетуге бағытталған.

Онда негізінен жаңадан келген жауынгерлерді атқа мінудің белгілі тәртіп-ережелеріне үйретеді. Сондай-ақ, жылқыларды мылтық дауысынан үрікпеуге көндіктіреді. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердің географиялық ерекшеліктері мен жылдың мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды. Атқа міну дайындығы міндетті пән болып табылады. Ал полигондарда атпен жаттығу жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді.

«Сәйгүліктерге өзіміз қарап, жемдейміз. Сұлы, кебек, бидай сияқты нормаға сәйкес күн сайын беріледі. Сонымен қатар жемге дәрумендер қосамыз. Жылқылар жеке қорада ұсталады. Ротаға аттар үш жасында, дөнен кезінде келеді, олардың мініс уақыты 5 жыл», - дейді таулы-қорықтық ротасының командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы.

Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің мүкәммалдық нөмірі бар. Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктер өзге де «мәдени» шараларға қатыстырылып тұрады. Мәселен, 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге апарылды. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» тарихи сериалында пайдаланылды.

Фото: www.kazpravda.kz

Следите за новостями zakon.kz в: