Еліміздегі әскери қызметшілер полиграф арқылы тексеріледі

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің заңға қайшы әрекеттерін алдын алу үшін арнайы техникалық құралдары қолданылуы мүмкін.

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің заңға қайшы әрекеттерін алдын алу үшін арнайы техникалық құралдары қолданылуы мүмкін . Тексеру полиграф аппаратының көмегі арқылы жүзеге асырылуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта шақырылымға жауапты қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері полиграф аппаратында тексеруден өтеді деп жоспарлануда. Полиграф – бұл талап етілетін стимулдарға жауап ретінде адамның реакциясын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін техникалық құрал.

Графика түрінде бейнеленіп көрсетілетін тыныс алу, жүрек қан тамыры жүйесінің, терінің электрлі белсенділігі іспетті мұндай физиологиялық тұрғыдағы көрсеткіштер электр сигналдарына ауысады. Полиграфта зерттеу адамның өмірі мен денсаулығына әсер етпейтін мүлдем қауіпсіз процедура және жауап алынатын адамның еркін түрдегі жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Полиграфтың көмегімен алкогольді, есірткі заттарын мөлшерден көп пайдалану, құмар ойындарға әуес болу, өзін-өзі өлтіруге әрекеттену, діни экстремистік ұйымдардың өкілдерімен жеке байланыс орнату, қылмыстық элементтер немесе шетелдік арнайы қызметтерге жәрдемдесу, рұқсат етілмеген қызметтік (құпия) ақпаратты тарату, қандай да бір жемқорлық әрекеттерге бару секілді деректерді анықтауға болады.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: