2015 жылы Павлодар облысында өңдеуден кейін 575,5 мың тонна салмақта дәнді және бұршақ дақылдары жиналды, оның 72,7%-ы – бидай, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл жайлы Павлодар облысының статистика департаменті хабарлады. - Жалпы облыс көлемінде дәнді дақылдардың едәуір бөлігі Ертіс (31,2%), Успен (18,2%-ы), Железин (18,1%), және Качир (16,9%)аудандарында өсірілді. Картоптың және көкөністердің едәуір түсімі Павлодар ауданында (сәйкесінше 25,3% және 57,5%), күнбағыс – Качир (46,5%) ауданында тіркелген, - деді департаментте. Облыс көлемінде майлы тұқымдардың 87,7%-ы, көкөністердің 72,9%-ы, дәнді және бұршақ дақылдарының 67,8%-ы, картоптың 51,3%-ы шаруа немесе фермер қожалықтарымен өсіріліп, жиналды. Ал жалпы картоп түсімінің 32,9%-ы және көкөністің 22,4%-ы халықтың шағын шаруашылықтарымен жиналды.
Фото: qazaquni.kz