Канадалық тұрғын 30 жыл өткеннен соң өзінің кім екенін есіне түсірді

30 жыл бойы із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Алайда сол уақытта ол туған қаласынан 1,5 шақырым қашықтықтағы Сент-Кэтринс қаласында тұрып, жұмыс істеген.

Канадада Сент-Кэтринс қаласының тұрғыны 51 жасында өзінің шын есімі мен қайдан келгенін есіне түсірді. Ол 1986 жылы барлығын ұмытып қалған екен, деп хабарлайды 24 kz, CNN-ге сілтеме жасап.

Ер адам әлеуметтік қызметкерге барып, өзінің шын есімі Эдгар Латьюлип және Китченер қаласынан екенін мәлімдеген. Ол 21 жасында ақыл-ой ауытқушылығынан зардап шеккен. Туған қаласынан Ниагара сарқырамасына бара жатқан жолда басын соғып алып, барлығын ұмытып қалған. Оның анасы Эдгарды мүгедектігін пайдаланып, біреулер ұрлап кетті деп ойлаған. 30 жыл бойы із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Алайда сол уақытта ол туған қаласынан 1,5 шақырым қашықтықтағы Сент-Кэтринс қаласында тұрып, жұмыс істеген.

Д.Изгуттинова

Фото: 24 kz

Следите за новостями zakon.kz в: