Әлем бойынша мұнай бағасы 5 пайызға қымбаттады

Мұнай бағасы 5%-ға қымбаттады.

Әлем бойынша мұнай бағасы 5 пайызға қымбаттады. Оған Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министірінің жасаған мәлімдемесі түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ОПЕК шикізат өндіру көлемін қысқартуға әзір екенін жеткізген. Бұл мәселе алдағы уақытта ұйымға мүше өзге елдермен талқылануы тиіс. Осылайша, Brent маркалы қара алтының бір баррелінің бағасы 31,8 долларға жетсе, WTI 27,69 долларға дейін қымбаттаған. Соған қарамастан, кейбір сарапшылар мұнай экспорттаушылардың жуық арада ортақ бір мәмілеге келуі екіталай. Сол себепті нарықта қара алтын қоры мол болады деп топшылап отыр.

Фото:taraz.all.biz

Следите за новостями zakon.kz в: