Колумбияда 5 мыңнан астам жүкті әйел Зика безгегін жұқтырған. Олардың 30%-ы – Венесуэла шекарасына жақын орналасқан аймақтың тұрғындары, деп хабарлайды 24 kz.
Ал бүкіл ел бойынша бүгінде осы дертке 31 мың 500 тұрғын шалдыққан. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 23%-ға көп. Бір апта ішінде вирусты жұқтырған аяғы ауыр келіншектер саны бірден 58%-ға артып отыр. Осы ретте Колумбия билігі әйелдерге алдағы 6-8 ай ішінде жүктіліктен бас тартуға кеңес берген. Өйткені Зика безгегі құрсақтағы баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін деген қауіп бар.
Фото: news.mail.ru