Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Boxing News Online басылымына берген сұхбатында қандай боксшыларды құрмет тұтатынын және қандай боксшының стилі ұнамайтынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Менің қаһарманым да пірім де жоқ. Дей тұрғанмен, өткен ғасырда көптеген мықты әрі бірегей стильге ие боксшы өтті. Дәлірек айтсам, орта салмақта Шугар Рэй Робинсон, Карлос Монсон, Марвин Хаглер, Шугар Рэй Леонард, ал Мұхаммед Әли рингтің патшасындай болды. Майк Тайсонның өз дәуреніндегі бірегей стильге ие боксшы болатын. Флойд Мейвезерге келер болсам, оның стилі маған ұнамайды. Дегенмен, оны ешкім жеңе алмады. Роки Марчиано да қарсылас шақ келтірмеген өз дәуренінің мықтысы. Мен барлық боксшыны да құрмет тұтамын», - дейді Головкин.
Айта кетейік, отандасымыздың келесі жекпе-жегі 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Forum» аренада өтеді. Оның қарсыласы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО).
Фото: azh.kz