Шымкентте жапон айвасы гүлдеді

Өңірде қыс жылы болғандықтан, қаңтарда бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүр жарған.

Шымкентте ақпанда жапон айвасы гүлдеді, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Қаланың қақ ортасында өсіп тұрған беке бұталары «әдетте наурыздың соңы мен сәуірдің басында ғана бүр жаратын», - дейді Дендрологиялық саябақ қызметкерлері. Өңірде қыс жылы болғандықтан, қаңтарда бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүр жарған. Облыстық «Қазгидромед» орталығы мамандарының мәлімдеуінше, ақпан айында сынап бағанасындағы көрсеткіш айтарлықтай жоғары болуда. Мәселен, осы айдың 7-сінде өңірде ауа температурасы 20 градусқа дейін жылылықты көрсетті, ал алдағы күндері жауын жаууы ықтимал. Дендрологиялық саябақ мамандары ауа райының құбылмалы болуынан жеміс ағаштары, былтырғыдай, «суыққа ұрынып қала ма?» деп алаңдап отыр.

"Көпшілік Дендросаябақ ішінен бәйшешек пен саңырау құлақ та теріп жатыр. Шын мәнінде бұл күтпеген жағдай. Бұл, меніңше, табиғи құбылыс, тіпті күннің жылынуы деуге де болады. Табиғат пен адамға бұл өте кері әсерін тигізуі мүмкін. Ауарайы күнтізбеге сәйкес келмей тұр", дейді Дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкері Үсен Мамырбаев.

Фото: harthaus.ru

Следите за новостями zakon.kz в: