Жастар командасының футбол ойыншысы судьяның төрелігін жақтырмай қалған. Сөйтіп, ол 48 жастағы арбитр Сезар Флоресті атып кеткен,деп хабарлайды 24 kz.
Кордова қаласында болған ойын кезінде қарсыласына шабуыл жасаған футболшыға судья қызыл қағаз көрсетті. Артынша футболшы тапаншамен қайтып келіп, оны 3 рет атқан. Басы, мойыны мен кеудесін оқ тескен төреші сол жерде қайтыс болды. Атыс кезінде бір ойыншы жараланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Goal.com.
Қылмыс жасаған спортшы оқиға орнынан ізін суытып, оған іздеу жарияланды.
Фото: www.ridus.ru