Қалған созылмалы қарыздары бар жекелеген кәсіпорындарға қатысты шұғыл шаралар қолданылмақ. ҚР Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтарын қорғау мақсатына азаматтардың еңбекақысын толық және дер кезінде төленуін қадағалауға бағытталған жұмысты белсенді атқарып жатыр.
«Жергілікті орындаушы және мемлекеттік өкілетті органдармен бірге құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарылды. 2015 жылдың қараша және 2016 жылдың қаңтар айларында аудан ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңестерде жалақыны уақытылы төлеуге және мәселені дер кезінде шешуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету - прокурорлық бақылаудың басты бағыттарының бірі. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты жүргізілуде», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.
Гүлмира Ғосманәли
Фото:info.kz