Венесуэла валюта айырбастау бағамының жаңа жүйесін енгізіп жатыр

Боливариан Республикасының президенті Николас Мадуроның айтуынша, елде екі ақша алмастыру тірегі жұмыс істейтін болады.

Венесуэла валюта айырбастау бағамының жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Осыған қарай осы елдің валютасы боливар 40 пайызға арзандады.

Боливариан Республикасының президенті Николас Мадуроның айтуынша, елде екі ақша алмастыру тірегі жұмыс істейтін болады. Олардың бірі еркін айналымдағы болса, екіншісі бекітілген бағам. Бекітілген бағам бойынша 1 доллардың құны 10 боливар болады. Қазіргі таңдағы ресми бағам бойынша 1 доллар 6,3 боливар, яғни 37 пайызға кем.

Бұл қадам ел президентінің ұлттық экономиканы дағдарыстан шығаруға бағытталған кешенді шараларының бірі. Аталмыш шаралар бензин мен азық-түлік өнімдерінің бағасын көтеріп, еңбек адамдарының жалақыларын арттыруға бағытталған. Осыған қарай, биылғы жылдың 1-наурызынан бастап елдегі жалақы 20 пайызға артады деген уәдесін берді президент.

Мұнай бағасының ұзақ уақыт бойы төмен деңгейде болуы 30 млн тұрғыны бар мемлекетте бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемалар тудырды. Осы кездегі ел халқының билікке деген наразылықтары 2015 жылдың желтоқсан айында өткен сайлау нәтижесі бойынша оппозиция өкілдеріне соңғы 17 жылда алғаш рет парламенттен көбірек орын алуларына жағдай тудырды, деп жазады ТАСС агенттігі.

Фото: photo.unian.net

Следите за новостями zakon.kz в: