«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Алматы облысының тұрғындарын сапалы орталықтандырылған ауыз сумен жеделдетілген түрде қамтамасыз ету мақсатында 60 елді мекенге су құбыры жүргізілді, - деп хабарлайды Zakon.kz, Алматы облысы әкімдігінің берген мәліметіне сүйеніп.
Ағымдағы жылы 35 нысанды ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін қалпына келтіру мақсатына 5,5 млрд. теңге бөлінді.
Орталықтандырылған су құбыры жүйесіне қосылуға 19 елді мекеннің ие болатындығы, соның нәтижесінде қамтамасыз етілу көрсеткіші 83,1% жететіндігі күтілуде.
Фото: ontustik.gov.kz