БҚО-да 49 түрлі дәрі-дәрмектің бағасын өзгертпеу туралы шешім қабылданды

Батыс Қазақстан облысында 49 түрлі дәрі-дәрмектің бағасын мамыр айына дейін өзгертпеу туралы шешім қабылданды.

Батыс Қазақстан облысында 49 түрлі дәрі-дәрмектің бағасын мамыр айына дейін өзгертпеу туралы шешім қабылданды. Бұған облыс әкімдігі мен өңірдегі ірі дәріханалар желісі «Талап» акционерлік қоғамының басшылығы арасындағы келісім арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды 24 kz.

Фармацевтердің айтуынша, шетелден келетін дәрі-дәрмек бағасы көтерілген, бірақ бұдан сұраныс төмендеген жоқ. Меморандумға сәйкес, халық жиі тұтынатын жөтелге, инфекцияларға және суық тиюге қарсы дәрі-дәрмектер қымбаттамайды. Сонымен қатар тұрғындар өз бетінше ем қабылдамауы үшін дәрігерлердің арнайы нұсқауымен босатылатын дәрілер тізімі жасалды.

"Дәрі-дәрмектер «Талап» АҚ-ға тиесілі 40 шақты дәріхана арқылы босатылады. Соның 23-і қалада, қалған 17-сі аудан орталықтарында. Аталған меморандум әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындар мен аз қамтылғандарға дәрілерді белгіленген, яғни кесімді бағамен сатып алуына мүмкіндік береді", деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Шәрбану Ысқақова.

Фото: qmedia.kz

Следите за новостями zakon.kz в: