Оңтүстікте тағы бір адамға құтыру диагнозы қойылды

Созақ ауданының Қыземшек ауылының 14 жасар тұрғыны 14 күннен бері аудандық ауруханада емделіп жатыр.

ОҚО-да тағы бір адамға құтыру диагнозы қойылды. Созақ ауданының Қыземшек ауылының 14 жасар тұрғыны 14 күннен бері аудандық ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ақпан айының 4-і күні ауруханаға түскен қыз баланы бір ай бұрын көршісінің иті қапқан.

Итті қыздың әкесі атып тастапты. Соған қарамастан ветеринарлар иттің басын зертханаға тапсырады. Бірақ алғашқы сараптамалық қорытынды бойынша иттен құтыру ауруына қатысты белгілер анықталмаған. Толық сараптама 25 күннен кейін ғана нәтижесін береді.

Сондықтан, алдын ала қойылған диагнозды нақты деу әзірге ертерек дейді сала мамандары. Сондай-ақ, облысымызда құтыру ауруына қарсы тиісті егу жұмыстары толық жүргізілгенін айтты.

Фото: progorodsamara.ru

Следите за новостями zakon.kz в: