Жұмысқа тұрарда талап етілетін медициналық анықтаманы енді ХҚКО-дан алуға болады

Жұмысқа тұрарда талап ететін медициналық анықтаманы енді Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сала басшысы Тамара Дүйсенова айтты.

Жұмысқа тұрарда талап ететін медициналық анықтаманы енді Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сала басшысы Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Енді емханаларда тізілген кезекті азайту мақсатында тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу тәртібін жеңілдету үшін оңтайлы кесте жасалады. Бұдан былай міндетті шарадан өту үшін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, дәрігер қабылдауына жазыла алады. «Сәйкесінше, сол жерден тексеру қорытындысы мен анықтаманы алады», - деді министр. Елімізде жыл сайын осындай тексеруден өтетін 7 миллион 800 мың адамның 4,5 миллионы әйелдер екен.

Фото: ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в: