Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Алматы облысында жылумен қамтамасыз етуге бағытталған 14 жоба жүзеге асырылуда, оның 6 жобасы - «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, деп хабарлайды Zakon.kz, Алматы облысы әкімдігінің берген мәліметіне сүйеніп.
Жиын барысында белгілі болғанындай, облыста электр тарату желісінің қуаты 220 кВ құрайтын «Қаскелең» аралық станциясының құрылысы аяқталған. Электр желісінің қуаты 110/10 кВ-тық «Көкөзек» аралық станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асырылатын болады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету және осы аудандардағы электр қуатына түсетін салмақты толығымен қанағаттандыруға ықпал етеді.
Жалпы облыстағы энергия қуатының тапшылығы мәселесі Талдықорған қаласында жылу электр станциясының салынуымен шешімін табатын болады. Бүгінгі күні 300 МВт электр қуаты мен 440 ГКалл жылу энергиясын өндіретін станцияның құрылысын жүргізетін ірі компаниямен 2 жақты меморандумға қол қойылды.
Фото: glavnoe.ua