Перудің орталық аймағында нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 5 қаланы басып қалды. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 25 адам жарақат алып, жүзден астам үй жермен жексен болған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Зардап шеккендер елді мекендерге жету үшін құтқарушылар мен сарбаздар тікұшақтарды пайдаланып 300 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашынды «Эль-Ниньо» табиғат құбылысы әкелген.
Фото: earth-chronicles.ru