Депозитке төл теңгемен салған тиімді. Еліміздің қаржы институттары осы мақсаттағы саясаттарын қайта қарады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Банктер жеке тұлғаларға арнап төменгі салым мөлшерін азайтып, пайыздық өсімін арттыруда. Мәселен, осы айдағы жылдық өсім 15,2 пайызға жетті. Елімізде 1 ақпаннан бастап салымшыларға арналған жылдық өсім 10-нан 14 пайызға дейін көтерілген. Аталған құжаттық жеңілдіктер мен мүмкіндіктердің барлығы теңгенің құнын арттыру үшін жасалуда.
Фото: kazfin.kz