Қазақстан өмір сүру үшін ең арзан елдердің ондығына кірді. GOBankingRates халықаралық агенттігі өмір сүру үшін ең арзан елдердің тізімін құрды. Біздің елімізге бұл рейтингтегі 5-ші орын бұйырды, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.
«Бесінші орын. 18,2 млн адам тұратын Қазақстан. Ресей және Қытаймен шекаралас. Мұнай, көмір, темір кені сияқты елдің табиғи ресурстарының арқасында экономикасы дамып келеді. Азық-түлік және тұтынушылық тауарлардың құны рейтингтегі өзге елдердің көпшілігімен салыстырғанда төмендеу», - делінген материалда.
Төртінші орын. Сауд Арабиясы. Үшінші орын - Косово. Екінші орын - Үндістан. Рейтингтің көш басында Оңтүстік Африка Республикасы тұр. Жұмыс істейтін және зейнетке шыққандар үшін ең арзан ел. Ең соңғы, 50-ші орынды агенттік Беларуссияға берді. Украина 24-орында болса, Ресей 39-орында.
Фото: www.newstop.kz