Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сілтеме жасап.
Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуіне кедергі жасайтын барьерлерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.
Сондай-ақ, органикалық өнім өндірісін дамытуға жағдай жасайтын «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.
Мұнымен бірге, тұқым шаруашылығы, асыл-тұқымды мал шаруашылығы, АӨК мемлекеттік реттеу саласында ілеспе Заңға толықтырулар енгізілді. Бұл АШТӨ-ге асыл-тұқымды өнім нарығына заңды және жеке тұлғаларға тең мүмкіндікті қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендетеді. Асыл-тұқымды және селекциялық жұмыстарды өздігінен реттеуге беру және сортты сынау үшін қажетті уақыт аралығын жоятын озық селекциялық жетістіктерді қолдануға рұқсат ету мүмкіндігін береді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер енгізілді, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сауда арқылы берудің жаңа механизмдері; жеңілдетілген бағамен жеке меншікке жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайта сатып алу; ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданатын жерлердің мақсатты пайдалану түрін өзгерту талаптарын жою.
Ветеринария саласында ХЭБ-пен 9 облыс бойынша жануарлардың вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесі берілді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан тыс аймақтарға еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.
Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты - жоғары тәжірибелі мамандарды даярлау, қайта даярлау негізінде аграрлық секторды инновациялық бағытта дамытуды қамтамасыз ету, АӨК-не тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу, ғылыми зерттеулердің қорытындыларын әзірлеу және енгізу.
Фото:www.businessclass.md