Ғалымдар әлемдегі ең көне көйлек қашан тігілгенін айтты

Көйлек 100 жыл бұрын Мысырдағы қазбалар кезінде табылды.

Ғалымдар әлемдегі ең көне көйлек қашан тігілгенін айтты. Британиялық ғалымдар арнайы сараптама арқылы әлемдегі ең көне көйлек қашан тігілгенін анықтады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Көйлек 100 жыл бұрын Мысырдағы қазбалар кезінде табылды.

Археологтар оны мұражайға тапсырған. 1977 жылы Лондон Университеттік колледж мамандары оған қызығушылық танытты.

Арнайы сараптама арқылы бұл ғылымға белгілі ең көне көйлек екені анықталды. Оның жасы 5,1-5,5 мың жыл және ол Бірінші Династия заманына тиесілі. Ғалымдардың болжауынша, тапсырыс бойынша белгілі бір нәзік жандыға арнап тігілген.

Атап өтейік, «Тархан» деп аталған көйлек қазір Лондонда Виктория және Альберт Музейінде тұр.

Фото: informing.ru

Следите за новостями zakon.kz в: