Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден Азия чемпионы атанды

Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда жабық кешенде өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда жабық кешенде өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Элина Михина 400 метр қашықтықта екінші келді. Ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді.

Ал, Ольга Рыпакова Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндігінде 14,32 метр ұзындыққа секіріп, Азия чемпионы атанды. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орында.

Фото: sport.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: