Германияда босқындарды қабылдайтын орын өртеніп кетті

Германияның Дрезден қаласына жақын жерде босқындарға арналған ғимарат жанып кетті. 300 босқынға пана болған орталықтың санаулы уақытта түгі қалмаған.

Германияның Дрезден қаласына жақын жерде босқындарға арналған ғимарат жанып кетті. 300 босқынға пана болған орталықтың санаулы уақытта түгі қалмаған. Өрт мемлекетке 300 млн еуро шамасында залал келтірді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Тергеушілер оқиға орнынан жанғыш заттардың қалдығын тауып, өрт қасақана қойылды деген болжам айтып отыр. Оның үстіне Дрезден шаһары босқындарды қабылдауға қарсы ПЕГИДА ұйымының орталығы болып саналады. Сондықтан тәртіп сақшылары ұйым белсенділерінің оған қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы бұл елде босқындар баспанасына мыңнан астам шабуыл жасалған.

«Ғимарат бірден жанып кетті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тек тілсіз жаудың жақын үйлер мен дүкендерге көшіп кетпеуінің алдын алды. Біз екі адамды ұстадық. Олар өрт сөндірушілерді балағаттап, жұмысына кедергі келтірген. Қазір екеуінің өртке қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», деді Баутцен қаласы полициясының спикері Томас Кнаут.

Фото:vm.ru

Следите за новостями zakon.kz в: