Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 23 ақпандағы шешімімен, «Таблиғи Джамаат» (Джамаат Аль-Таблиғи, Джамаат-е-таблиғи, Джамаат-Таблиғи, Джамаат Таблиг, Давуат) халықаралық ұйымы экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тиым салынған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.
Жедел тексеріс барысында «Таблиғи Джамаат» халықаралық ұйымына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының 5 азаматы қолға түсті.
Келесі азаматтар К.А.Т, Е.К.О, Б.К.К, Н.Б.Н және Х.Х «Таблиғи Джамаат» ұйымының қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тиым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар екенін біле тұра, қасақана тікелей пиғылмен, Астана қаласының аумағында осы халықаралық діни экстремистік ұйымының идеологиясын кеңінен тарату мақсатында, оның қызметін жетілдіруге, жақтастардың санын арттыруға, яғни қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
Аталған дерек бойынша, 2015 жылы 7 тамыз айында Астана қаласы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құқық бұзушылық туралы хабарлама сотқа дейінгі тергеп- тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.
15.12.2015 жылы К.А.Т, Е.К.О, Б.К.К, Н.Б.Н. есімді азаматтар ҚР ҚК 405-бабының 1-бөлімі бойынша, және Х.Х. есімді азамат 405 бабының 2- бөлімімен, 164 бабының 1 бөлімімен көзделген қылмысты жасау бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотқа жіберу үшін Астана қаласының прокуратурасына келіп түсті.
Қала прокуратурасының қарап тексеруінің нәтижесі бойынша айыптау актісі бекітілді және 25.12.2015 жылы айыптау жөнінде қылмыстық іс мәні бойынша қарауға Сарыарқа ауданының №2 сотына жіберілді.
18.02.2016 жылы Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының шешімімен айып тағылған азаматтарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Фото:surfingbird.ru