Созақ ауданындағы 14 жасар ит қапқан қыз, құтырудан көз жұмды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Жасөспірімді ауылдасының иті қауып алған. Соның салдарынан қыз құтырудың белгілері бар деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі таңда анық болғаны, 2002 жылы туылған жас қыз құтырудан көз жұмды. Ал облыстың ветеринарлары жасөспірімді қапқан иттің денесін зерттеуге жіберген. Оның нәтижесі 15 күннен кейін белгілі болады деп отыр.
Айта кетейік, бұл — Оңтүстікте тіркелген құтырудың үшінші оқиғасы.
Фото: vyatka.ru