Күріштен шашалып көз жұмған баланың өлімі үшін дәрігерлер 4 миллион теңге төлейді

Астаналық дәрігер Болат Сейдахметов шақыртылған. Жергілікті дәрігерлер орналастырған аппаратқа сай келмейтін түтікшені ауыстыру барысында астаналық ақ желеңдінің құрылғыны жұлып алғаны анықталды. Нәтижесінде сәбидің демі үзіліп, қайтыс болған.

Дәрігерлер өздерінің салғырт әрекеті нәтижесінде бір жарым жасар Айбар Мәдиевтің қайтыс болуына байланысты төрт миллион теңге төлейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, азаматтық істі Павлодар қалалық соты қараған.

Еске сала кетейік, Айбар Мәдиев күріштен шашалып қалғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі комитеттің сарапшылары баланы емдеу барысында өрескел қателік жіберілгенін анықтаған. Нақтырақ айтсақ, бронхоскопия кезінде дәрігерлер тиісті шара қолданбаған. Павлодарлық сот сарапшылары өз қорытындысында бала өлімінің алдын алуға болатынын айтқан.

Баланың тыныс жолында тұрып қалған күрішті туыстары үйде алып тастаған. Нәрестенің әпкесі Майра Мәдиева ауруханаға қауіптің алдын алу мақсатында барғандарын айтады. Ауруханаға жатқызылған соң екінші күні балаға бронхоскопия жасалған. Комиссияның пайымдауынша, жансыздандыру жасалмағандықтан баланың көмейіне зақым келген. Айбар тұншыға бастаған кезде жансақтау бөліміне ауыстырылып, екі тәулік өткен соң, есінен айырыла бастаған кезде ғана тыныс алуды жеңілдету шаралары қолға алынған.

Осылайша, астаналық дәрігер Болат Сейдахметов шақыртылған. Жергілікті дәрігерлер орналастырған аппаратқа сай келмейтін түтікшені ауыстыру барысында астаналық ақ желеңдінің құрылғыны жұлып алғаны анықталды. Нәтижесінде сәбидің демі үзіліп, қайтыс болған. Бір жарым жасар баланың өліміне астаналық дәрігер кінәлі деп танылып, Павлодар қалалық № 2 сотының шешімімен екі жылға шартты мерзіммен сотталды.

Дегемен бұл үкіммен келіспеген баланың ата-анасы мен Астана қаласының дәрігері аппеляцияға берді. Бұл жолы ҚР ҚК-нің 114-бабы бойынша облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Майса Ысқақова мен Гүлдана Сәкенова кінәлі деп танылды. Десе де, мерзімнің өтіп кетуіне байланысты мамандар жазадан құтылып кетті. Болат Сейдахметовке қатысты да шартты мерзім жойылды. Бұдан кейін баланың ата-анасы азаматтық арыз түсірген.

«Павлодар қалалық сотымен Бауыржан Мәдиевтің арызы бойынша Павлодар облыстық балалар ауруханасы және Астана қаласы бала мен ана ұлттық ғылыми орталығына қатысты азаматтық іс қаралды. Соттың шешімімен жауап берушіден арыз берушінің пайдасына қарай төрт миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енбеді», - деді облыстық сот ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Омар Еркін

Фото:www.emcmos.ru

Следите за новостями zakon.kz в: