Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері Венада талқыланды

Екі ел арасындағы ынтымақтастық, өзекті мәселелер, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ аясында, ЕО - Орталық Азия форматындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері Венада талқыланды. ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев жұмыс сапарымен Австрияда болып, Австрия СІМ бас хатшысы Михаэль Линхарт және Австрия СІМ кадрлық департамент басшысы М. Циммерманмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық, өзекті мәселелер, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ аясында, ЕО - Орталық Азия форматындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазақстан мен Австрия арасындағы визалық режимді жеңілдету, әуе жолдары туралы да сөз қозғалды. Австриялық тарап кадрларды дайындау саласында тәжірибемен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Австрия өкілдері Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғандарын растады. 2015 жылы австриялық билік көрмеге қатысу туралы ресми шешім қабылдады.

Фото: khmara-nataliya.com

Следите за новостями zakon.kz в: