Түрмені босату үшін 8000-нан астам жазасын өтеуші еркіндікке жіберілді

2014 жылдан басталған шараға сәйкес 5 жылға дейін сотталғандар босатылған. Олардың арасында 94 шетелдік бар.

Никарагуа билігі елдегі түрмелерді босату үшін 8 мыңнан астам сотталғанды еркіндікке жіберді. Себебі қылмыскерлер тым көбейгені соншалық абақтыға сыймай жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

2014 жылдан басталған шараға сәйкес 5 жылға дейін сотталғандар босатылған. Олардың арасында 94 шетелдік бар. Бұлар мерзімді жазасын енді өз елінде өтейді. Қазір Никарагуа түрмелерінде қанша тұтқынның бары белгісіз. Осы елдегі адам құқығы жөніндегі үкіметтік емес ұйымның мәліметі бойынша өткен жылы жазасын өтеу орындарында 10 жарым мың адам болған. Бұл көрсеткіш түрмелердегі орын санынан 2 есеге артық.

Фото: vlada.io

Следите за новостями zakon.kz в: