Фиджиде тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бұған дейін 29 тұрғын құрбан болды деп хабарланған болатын.
«Уинстон» дауылы Фиджи жағалауына 4 күн бұрын келген. Мамандар мұхит толқындарының биіктігі 12 метрден асқанын айтады. «Уинстон» бірнеше ауылды жайпап өткен. Қазір 13 мың адам баспанасыз қалды. Олар уақытша тұрақтау орталықтарына орналастырылған. Елде бір айға дейін төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетейік, Фиджи Республикасы – Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі 300-ден астам аралда шашырай орналасқан мемлекет. Аралдардың жүзге жуығында ешкім тұрмайды.
Фото: www.2000.ua