Алматылықтар поэзия падишасын еске алды

Алматыда жыр сүйер қауым Фариза Оңғарсынованы еске алды.

Алматыда жыр сүйер қауым Фариза Оңғарсынованы еске алды. Жиында поэзия падишасының әлі талай ұрпаққа рухани азық болатын отты жырлары оқылып, арнаулар айтылды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың дүниеден өткеніне биыл 2 жыл болды. Шараға ақынның достары, шәкірттері және шоқтығы биік шығармашылығын жоғары бағалайтын қауым жиналды. Естеліктер айтып, ақын Фаризаның аналық қамқорлығын тебірене еске алды.

"Зал кішкентай болса да, соған қарамастан, ине шаншар жер жоқ. Апамның көрермендері өзі бар кезде де осындай көп келетін. Оны жақсы көретін. Адамды есімі аталмаған кезде, өлді дерсің дейді ғой",- деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева.

Фото:massaget.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: