Ауғанстанның шығысында «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының 40-тан астам содырының көзі жойылды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Үкімет сарбаздары арнайы операцияны Нангархар провинциясында жүргізген. Ұрыс қимылдарына құрлық әскері мен әуе күштері қатысты. Құрбан болған экстремистердің арасында жергілікті басшылардың бірі бар. Олардың қай елдің азаматы екені әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда қатты ушығып тұр. Бұрын тек ауылдық жерлерге шабуыл жасайтын «Талибан» радикалдары енді ірі қалаларға ауыз сала бастады. Бұл аз дегендей, былтырдан бері әлемді дүрліктірген «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының да елдегі ықпалы күшейген.
Фото:kk.wikipedia.org