Қазақстандық Әділ Қабылда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды және университеттің үздік студенттерінің бірі болып танылды, деп хабарлайды Zakon.kz, ЖОО-ның ресми сайтындағы ақпарға сүйеніп.
Айта кетейік, Әділ Қабылда Павлодардағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Өткен жылы талантты жас М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне емтихансыз қабылданған еді. Қазір ол Химия факультетінің 1-ші курс студенті.
2015 жылы Әділ Қабылда химия пәні бойынша 47-ші Бүкіләлемдік Олимпиадада топ жарған. Білім додасына 75 мемлекеттен 300-ге жуық оқушы қатысқан.
Осыған қоса, Ә.Қабылда химия пәні бойынша 48-ші Менделеев Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Фото: spectr.com.kz