Үлескерлер мәселесі келесі жылы толық шешіледі. Бұл туралы Сенаттың комитет отырысында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, вице-министр «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заң жобасы туралы баяндады. Осыған дейін үлескерлер үшін 3 тетік бойынша баспана салуға болатыны айтылып келген. Енді бұл тетіктерге нақтылы талаптар енгізілмек.
Мәселен, үлестік салымдарды кепілдендіру және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бойынша тұрғын үй салу үшін құрылыс компаниясы еңбек нарығында кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, Астана, Алматы қалаларында 18 мың, өзге өңірлерде 9 мың шаршы метр аумағындағы тұрғын үй тапсыруы шарт. Ал, үшінші тетік бойынша талап тіпті қатаң.
Фото: otyrar.kz