Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың басым бөлігінде күн ашық, тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы мен орталығында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды.

Республиканың басым бөлігінде күн ашық, тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы мен орталығында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басады, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі

Фото:www.dentons.com

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: