Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді.
Фото: bnews.kz