Бұл – елге ағылған мигранттардың нөпіріне төтеп беру үшін қабылданған шара. Жалпы жергілікті билік бұған дейін де осындай қадамға барған болатын. Былтыр ресми Венгрия Сербия мен Премьер-министрі Брюссельдің 100 мың босқынды Еуроодаққа мүше елдерге орналастыру туралы жоспарын қатаң сынға алды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Виктор Орбан қажет болса, осы мәселеге қатысты елде жалпыұлттық референдум өткізуге әзір екенін жеткізген.
"Мен Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне шекарада қоршау тұрғызу жұмыстарына дайындық жүргізуді тапсырдым. Алдағы уақытта мұнда қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Өйткені біз елге ағылған шетел азаматтарының мұнда қандай ниетпен келгенін білмейміз. Олардың арасында отанындағы зорлық-зомбылықтан қашқан босқындармен қатар лаңкестер де, экономикалық мигранттар да болуы әбден мүмкін",- дейді Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан.
Фото:gordonua.com