Есірткіні аяқ киіміне тыққан азамат ұсталды

Шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді.

Шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді. Оның аяқ киіміне жасырылған есірткіні тауып алуға қызметтік ит көмектескен, -деп хабарлайды otyrar.kz.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында заңсыз тауар тасымалдамақ болған азаматтың теріс пиғылы Жібек-Жолы кеден бекетінде әшкере болып отыр. Қылмысты ашу барысында шекарашылар мен мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметкерлері бірге жұмыс істеді.

Қолға түскен азаматтың жасы — 36-да. Оның сол жақ аяқ киімінің ұлтанынан полиэтилен пакетке оралған зат тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 6 грамм гашиш екені мәлім болды. Қазір Өзбекстаннан елімізге есірткі алып өтпек болған азаматқа қатысты қылмысты кодекстің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: otyrar.kz

Следите за новостями zakon.kz в: