Біздің облысқа топан судың келуі мүмкін бе? ТО жағдайында қанша адам және техника көмекке келуге дайын? Осы сұрақтарға «Қазақстан» облыстық телеарнасында Қостанай облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімов сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz, Қостанай облысының ТЖД МТжАТ берген мәліметіне сүйеніп.
Әңгіме адам өлімін болдырмауға, елді мекендерде су басудың алдын алуға профилактикалық іс-шаралар туралы өтті. Қандай өңірлер көктемгі су тасу мерзімінде су басу тәуекелі аймағына кіреді. Су тасқынынан 17 электр тасымалдау желілері, 20 жуық авто жолдар участкесі зиян шегеді. ТЖД қызметкерлері бұл туралы біледі, сондықтан іс-қимылдың жобалау жоспарын әзірледі, күштер мен құралдарды есептеді. Қостанай облысында уақытша эвакуациялау орны ретінде 68 мектеп пен қонақ үй әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар тамақтандыруды ұйымдастырады. Тұрғындарға қауіп төген жағдайда БАҚ арқылы ақпараттандырылады.
3-4 наурызда «Көктем-2016» республикалық КШО өтеді. Онда облыстың барлық күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады. Құтқарушылар қар еріндісі суларын апатсыз өткізуде тәжірибелік машықтануды меңгереді. Қостанай облысында 7000 азаматтық қорғау құрамасы мен жеке құрамның 11 мыңнан астам адамы санына жетеді, инженерлік және су тартатын техника бар.
Осы жылы су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстық бюджеттен 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Аумақты әуеден барлау үшін 13 млн. жуық, 7 миллионға жуық – жарылыс жұмыстарына. Жергілікті атқарушы органдарынан мұз жүруді апатсыз өткізуге осал жерлерде жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін өтінімдер қабылдануда. Облыс бойынша 11 гидротехникалық құрылыс есептелуде, ең ірілері – Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар. 1 ақпандағы жағдай бойынша оларда 441 млн. кубметр еркін көлемде су бар.
- Бұл су көлемін біз осы су қоймаларында қабылдай аламыз, - деді Т. Кәкімов. – Қабылданатын судың нақты көлемі 5 наурыздан кейін, су тасқынының нақты болжамы белгілі болғанда түзетілетін болады. Күн сайын Челябі және Орынбор облыстармен ақпаратпен алмасамыз. Оларда да дәл осындай, біздікіндей жағдай.
Құтқарушылар дайын, оқытылған, жабдықталған. Қажетті мөлшерде жүзу құралдары бар. Егер топан су келсе, облыстық штаб және қалалар мен аудандар бойынша штабтар ұйымдастырылатын болады. Қазіргі уақытта да жедел топтар құрылды, олардың міндеттері ең біріншіден су тасқыны жағдайын тексеру, бағалау және күштер мен қажетті құралдарды жұмылдыру.
Облыс орталығында қарқынды түрде қар шығарылуда, арықтар тазартылуда, аулаларды аралау жүргізілуде, жеке меншік үйлер мен мемлекеттік мекемелердің шатырлары қардан тазартылуда. Полковник Кәкімов телекөрермендерге ТЖ департаментінің ақпараттарына құлақ салуға және наурыздың соңынан сәуірдің аяғына дейін штаттан тыс жағдайларға дайын болуын тіледі.